Данияр Елеусінов Қазақстаннан кетті
Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов түпкілікті кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады.
Бұл мәліметті 26 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ресми растады, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Сіздердің Олимпиада ойындарының чемпиондарыңыз бізбен жұмыс істейді. Біз басқа да Олимпиада ойындарының чемпиондары секілді Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасады. Данияр бүкіл әлемді аралап жұдырықтасады. Қазақстанда да. Жүз пайыз біз оны чемпион етіп шығарамыз», — деді Хирн.
Елеусіновтен бөлек, Хирн Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс және басқа да әлемдік бокс жұлдыздарымен жұмыс істейді.
«Лақап атты таңдауда ортақ шешімге келуге болады деген ойдамыз. Промоутерлер бізбен ақылдасады. Біздің тарапымыздан да ұсыныстар болуы мүмкін. Бізде ұсыныс болмаса, промоутерлердің өздері берген ұсынысты қарастыруға болады. Елеусінов болғаннан кейін мүмкін „Elusive“ (Ұстатпас, қолға түспес), болмаса Эддидің (промоутер Эдди Хирн — авт.) өзі ұсынғандай „Qazaq thunder“ (Қазақ найзағайы) деген лақап атты алуымыз мүмкін. Оны алдағы уақытта ақылдасып, шешетін боламыз. Жақын арада белгілі болады», — деді боксшы Астанада өткен баспасөз мәслихатынан кейін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.