ЖАҚСЫБЕКОВ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУГЕ ЖАН БІТІРГЕНДЕЙ

Болгария құрамасы ФИФА рейтингінде 42-орында тұр. Команданы белгілі болгариялық маман Петар Хубчев жаттықтырады. Қарсыластың құрамында Ивелин Попов («Спартак», Мәскеу, Ресей), Георгий Миланов (ЦСКА, Мәскеу, Ресей) Николай Бодуров (ЦСКА, София), Александр Тонев («Кротоне», Италия) сынды тәжірибелі ойыншылар бар.
2013 жылы екі құрама Алматыда жолдастық кездесу өткізген. Сол ойында Болгария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан гол соққан футболшы – Дмитрий Шомко.