» » Головкин алты жыл ұмтылғанға Усик бір турнирде қол жеткізді — промоутер

Головкин алты жыл ұмтылғанға Усик бір турнирде қол жеткізді — промоутер

Александр Усик Абель Санчес жаттықтыратын Гассиевті жеңді.
Промоутер Том Леффлер ауыр салмақтағы абсолют чемпион украиналық Александр Усиктің (15-0, 11 КО) жеңісі боксшыға үлкен мүмкіндіктерге есік ашқанын айтады. Айта кетейік, Головкиннің промоутері Усиктің де ісін жүргізеді.
Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалында алғашқы ауыр салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және WBO белбеулері үшін жекпе-жекте Усик ресейлік Мурат Гассиевті ұпай санымен жеңген болатын.
Гассиевті қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес жаттықтырады. Сонымен бірге, Усик The Ring журналының титулы мен Muhammad Ali Trophy кубогын иеленді.
"Меніңше, бұл жеңіс Усикті бокс шыңына шығарды. Енді ол Геннадий Головкин, Теренс Кроуфорд және Василий Ломаченко сияқты мықтылар қатарында. Бұл жеңіс оған барлық есіктерді ашты деген ойдамын. Ол енді өз таңдауын жасай алады: Британияда Тони Белльюмен жұдырықтаса алады немесе АҚШ-қа НВО арнасына орала алады. Усик - кәсіпқой бокстағы жалғыз абсолют чемпион. Бір турнирде ол Головкин алты жыл бойы ұмтылып келе жатқан жетістікке жетті. Бұл жетістікті жоғары бағалаймыз, енді еңбектің жемісін жейтін уақыт келді.
Александр турнирде үлкен табыс тапты және деңгейін жоғарлату үшін бірнеше рет чемпиондығын қорғай алады. Белльюмен расымен жұдырықтасқысы келе ме, барлығы соған байланысты. Егер Тони аса ауыр салмақта жұдырықтасқысы келсе, Усик салмақ қосады, ал егер британиялық чемпиондық төрт белбеу үшін жұдырықтасқысы келсе, ондай жекпе-жек ауыр салмақта өтеді", - деп келтіреді Леффлердің сөзін BoxingScene.com.
30 шілде 2018 ж. 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930