Головкиннің бапкері бар құпияны айтты

«Геннадий - халықаралық тұлға, ол жанкүйерлерінің басын бір арнаға тоғыстырады. Себебі ол ешқашан «Мен бәленмін...», «Мен түгенмін...» деп өз-өзін мақтап сөйлемейді. Ол - барлығына ортақ. Мексикалық әйгілі чемпион Хулио Сесар Чавес секілді. Латынамерикалық жанкүйерлер Головкиннің ойындарын тамашалайтынына, Геннадий нағыз чемпион екенін және оны дәлелдеудің қажеті жоқтығын түсінетініне сенімдімін. Сондықтан да боксшының қолдаушылары көп», - деді Санчес No Puedes Jugar Boxeo-ға берген сұхбатында. Головкин 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездесетін болады.