ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «ТОБЫЛ» ЖЕҢІЛДІ
Ереванда армениялық «Пюник» пен қазақстандық «Тобыл» клубы Еуропа лигасы екінші іріктеуде кездесті.
Қос команда келесі кезеңге берілетін жолдаманы сарапқа салған. Бұған дейінгі алғашқы матчта «Тобыл» Қостанайда «Пюникті» 2:1 есебімен жеңген. Сырт алаңдағы матч ә дегеннен тартысты өрбіді. Бірақ қостанайлық жігіттердің алғашқы кездесудегі белсенділігі байқалған жоқ. Бұған команданың тығыз графигі де қатты әсер етсе керек.
Қос команда ойынның басым бөлігін тең өткізген. «Тобыл» жиі шабуылдап, қарсылас қақпаға жиі-жиі қауіп төндірді. Бірақ бәрібір ойындағы бірінші голды армяндар соқты. Матчтың 82 минутында Мохамед Конате есеп ашып, командасын алға шығарды және бұл есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осылайша, сырт алаңда соққан бір голдың арқасында «Пюник» жарыстың келесі кезеңіне өтті. Енді олар голландиялық «Аякс» пен австриялық «Штурм» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Жауапты кездесу бүгін түнде өтеді.