» » Қызылордалық 17 спортшы Жазғы Азия ойындарына қатысады

Қызылордалық 17 спортшы Жазғы Азия ойындарына қатысады

Үстіміздегі жылдың 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы - Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына Сыр өңірінен 17 спортшы барады.
 Сыр саңлақтары  9 спорт түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда, байдарка және каноэде есуден Мерей Медетов, каратэ-до спортынан Мөлдір Жаңбырбай барады. Ал таеквондодан Айнұр Есбергенова ел намысын қорғаса, самбодан Динара Қодарова, велоспорт Роберт Гайнеев, Асылхан Тұрар сайысқа түседі. 
Сондай-ақ, кураштан Арайлым Қанзада, мен Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атуда Максим Коломоец сайысқа түседі.  
Гандболдан ел құрамасы сапында Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова, Наталья Ильина, Виктория Колотинская, Вероника Хардина ойын көрсетсе, көгалдағы хоккейде Гузаль Бахавадин мен Алиса Чепкасова құрама жейдесін киеді.
10 тамыз 2018 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031