» » КЕРЕКУДЕГІ ЖЕҢІС

КЕРЕКУДЕГІ ЖЕҢІС


Футболдан 5 дүркін ел чемпионы – керекулік «Ертіс» біріншіктіктің кезекті турында қызылордалық "Қайсармен"  жолықты. Алаң иелерінің қазіргі жағдайы мүшкіл. ҚР Премьер-лига ойындарында әупірімдеп келе жатқан команда дәл қазір турнир кестесінің ең соңғы сатысында тұр. «Ертістің» кейінгі кездесулерде жеңіске жете алмағандығы жанкүйерлердің көңілін күпті еткен. Бұл жүйе жалғасын табар болса бес дүркін чемпион  келер жылы жоғарғы лигадан түсіп қалуы әбден мүмкін. «Ертістің» жеңілісін көрген сайын: «Келесі ойында жеңеміз!» деп сабыр сақтайтын жанкүйерлер жергілікті команданың «Қайсармен» өткен ойынына үлкен үміт артқаны рас. Оның үстіне кездесу Керекуде ұйымдастырылғаннан «Ертістің» жеңісті жұлып алуға да мүмкіндігі мол. Алайда, жағдай мүлдем басқаша сипатта өрбіді. Ойын бастала салысымен павлодарлық команда білгенінен жаңылды. Кездесудің 20-шы минутында "Қайсардың" қорғаушысы Александр Морочкин  бұрыштамадан асырған допқа бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Есеп - 0:1. Дәл осы доп кездесудің тағдырын шешкені анық. Матч соңынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров алаңдағы төрешіге көңілі толмағанын айтты:
– Бүгінгі сүреңсіз ойын үшін қолдауға келген жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алда небәрі аз ойын қалды. Біз премьер-лигаға қалуға бар күшімізді саламыз, - деді бас бапкер.
Көңіл күйі көтеріңкі Младенов шәкірттеріне дән риза.
– Алаң қожайындары бүгін жақсы ойнады. Дегенмен шәкірттерім қорғаныста сенімді болды. Командаға қажет кейбір футболшыларым жарақат алғаны көңілімді қынжылтты. Бүгінгі жеңісті ұмытып, келер ойынға дайындығымызды жалғастырамыз,- деді Стойчо бапкер.
Айта кетейік, қызылордалық "Қайсар" келер кездесуін 27 қазанда оралдық "Ақжайықпен" жолығады. Аталмыш команданы Сыр арландары 8 ойын бойы ұта алмай келеді.
26 қазан 2018 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031