» » Гүржістанға шама жетпеді...

Гүржістанға шама жетпеді...

Грузия мен Қазақстан құрамалары Тбилисидегі «Динамо-Арена» стадионында кездесті. Қос құрама арасындағы алғашқы ойында грузиялықтар Астанада 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгінге де Владимир Вайсстың командасы жеңімпаз атанды. Құраманың көшбасшы ойыншыларына демалыс берген Станимир Стоилов сырт алаңда ұтылып қалды. 
Айта кету керек, қақпашы Дмитро Непогодов Ұлттық құраманың сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын жіберді. Ойынның 59-шы минутында сол қапталдан Қазақстан құрамасының қорғанысын бұзып өткенЧакветадзе әріптесіне әуелетіп пас көтерді. АлМеребашвилиболса бос тұрған қақпаны дәл көздеді. Қақпа маңында болған Ғафуржан Сүйімбаев доптың бағытын өзгерте алмады. 
Арада 25 минут өткен қанжығасына нәтижелі пасты жазған Чакветадзе көзге түсті. Айып алаңына жақындай берген жойқын соққы жасаған грузиялық футболшы есепті еселей түсті. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда алаңға тыңнан қосылған Оралхан Өміртаев Ұлттық құраманың жейдесінде өткізген алғашқы кездесуінде гол соқты. Осылайша, 
D тобының екінші кездесуінде Андорра өз алаңында Латвия құрамасымен тең түсті. Бұл матчта есеп ашылған жоқ. Осылайша, 16 ұпай жинаған Владимир Вайсстың командасы топтан бірінші орынмен шықты. Ал қанжығасына 6 ұпай байлаған біздің құрама екінші орынды місе тұтты. 3 пен 4-ші орындарды 4 ұпай жинаған Латвия мен Андорра құрамалары бөлісті.
22 қараша 2018 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930