» » ҚАСҚЫРЛАР ГРУЗИЯ ЧЕМПИОНЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ

ҚАСҚЫРЛАР ГРУЗИЯ ЧЕМПИОНЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ


Жаңа маусымның шымылдығы ашылар сәт жақын. Ел біріншілігіндегі командалардың дені бүгінде құрамын жинақтап, соңғы дайындығын пысықтауда. Үздік үш команданың қатарына қосылуды көздейтін қызылордалық "Қайсар" да Жерорта теңізінің жағасында жаттығу жұмысын жүргізуде. Стойчо бапкер шама шарқынша шәкірттерінің шеберлігін шыңдауда. Бүгінде 7 жодастық кездесу өткізіп, өзге ұжымдардан тәжірибе жинақтауда. Соңғысы  Грузия чемпионы "Сабурталомен" жолдастық кездесу өткізіп, 1-1 есебімен тең тарқасты. Младенов ізбасарлары кездесуде алғаш болып есеп ашты. Кездесудің 49-минутында Асхат Тағыберген 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасын алға шығарған. Бірақ қарсылас команданың шабуылшысы Владимер Двалишвили 64 минутта есепті теңестіріп кетті. Мұнан кейін қос ұжым да шабуыл ұйымдастырғанмен есеп өзгеріссіз қалды. Қасқырлардың ендігі қарсыласы Түркіменстанның бірнеше дүркін жеңімпазы "Алтын Асыр" ұжымы. Кездесу бүгін өтеді.
"Қайсар": Григоренко, Ламанж, Граф, Марочкин, (Садовничий) Әмірсейтов, Барсегян, Құрманбекұлы, (Гурман), Байжанов, (Хайруллин),  Тағыберген, Джошуа, (Карлитос),  Пунощевац (Зенькович).
21 ақпан 2019 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930