» » Ауыр дертті жеңген «Барса» футболшысы Мессиге шағымын айтты

Ауыр дертті жеңген «Барса» футболшысы Мессиге шағымын айтты


«Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Эрик Абидаль клубтың кезекті ойындарының алдында командаластарына қолдау мақсатында видео жібереді. Ол сол кезде видеоны көрген Лионель Мессидің не айтқанын Marca басылымына мәлімдеді.
«Сырқат – мен өмір бойы ұмытпайтын қасірет... Мен ауырып жүргенде өте арық болдым. «Барсаның» кезекті бір ойынының алдында команданы қуантып, оларға қолдау көрсету үшін видео жолдадым. Сонда маған Мессидің не айтқанын білесіз бе? Ол енді мұндай видео жібермеуімді сұрады. Өйткені, видеоны көру оларға ауыр тиеді екен. Ал, мен оларды қолдағым келді. Бірақ ол маған «тірі өлікті көру оңай емес, біздің көңілімізді түсіреді» дегенді айтты», - деп ренішін білдірді футболшы.
Абидаль «Барселонада» 2008-2013 жылдар аралығында ойнады. Француз өзінің ауыр дертіне байланысты клубтан кеткен. 2012 жылдың сәуір айында ол бүйрегін ауыстырды. Оған Жерар есімді бөлесі донор болды.
2014 жылдың желтоқсанында Абидаль спорттық карьерасын тоқтатқанын мәлімдеді. Ол «Монако», «Лилль», «Лион», «Барселона» және «Олимпиакос» сынды клубтарда ойнады. Франция ұлттық құрамасы үшін 68 матч өткізді.
12 қаңтар 2018 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031