ХЕТ-ТРИК

  Тарих – тамаша тәмсіл, тірі тағылым, өткеннің ісін өшірмейді. Қанша уақыт озса да дерек дәйектейді. "Қайсар" жанкүйерлері үшін бірнеше таирхи сәтті еске түсірмек ниеттемін. Отандық футболда хет-трик жасайтын немесе көретін сәттер сирек жағдай. Ел тәуелсіздігін алғаннан бастап "Қайсардың" аяқдопшылары 5 мәрте хет-рик орындаған. Алғаш рет 1992 жылы Тілеухан Тұрмағанбетов петропавлдық "Металлистке" үш доп соқса мұнан кейін, 1997 жылы Владимир Логинов пен Нүркен Мазбаев (1999) хет-трик үрдісін жалғаған. 2000 жылы футболға қызығушылығымыз артып, "Қайсардың" ойындарына бара бастаған кезім. Сол жылы ел біріншілігіндегі мығым шабуылшының бірі саналатын Владимир Логинов көрші облыстың командасы "Достыққа" соғылған 5 доптың үшеуін салып, жанкүйер қошеметіне бөленген еді. Араға 19 жыл салып армениялық легионеріміз Тигран Барсегян үзілген сәтті қайта жалғады. Өткен сенбіде "Атырауға" қарсы ойында хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлаған еді. Айтпақшы, хет-трик ұғымы ағылшындарда шляпадағы фокус деген мағынаны береді екен. Бізше айтқанда қалпақпен ұрып алу дегенге саяды. Ендеше фокус жасайтын футболшылар көп болсын!
(Деректер Жеңіс Қожамқұловтан алынды)
22 тамыз 2019 ж. 1 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031