ҚПЛ: ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ҚЫЗЫП ТҰР

Еліміздің айнасы атанған «Астана» өз алаңында әупірімдеп «Шахтерді» жеңді. Елордада өткен кездесуде 2-1 есебі тіркеліп, ел чемпиондары кезекті үш ұпайын еншіледі. Ақ бас Алатауда халық командасы «Қайрат» талдықорғандық «Жетісуді» қабылдап, тас талқан етті. Шпилевскийдің шәкірттері жауапсыз төрт доп соқса, Огай жігіттері жалғыз голмен жауап қатты. Нағыз текетірес Ақтөбеде өтті. «Атырау» командасы ақтөбеліктерге қонаққа барып, жеңісті уысынан шығарып алды. «Батыстық дерб» деп аталатын матчта «Атырау 1-2 есебімен алда тұрған. Алайда «Ақтөбе» командасы соңғы сәттерге дейін арпалысып, кембэк жасады. Осылайша батыс дербиде 3-2 есебі тіркелді. Керекуде «Ертіс» «Таразбен» күш сынасты. Тоқсан минуттық тартыста бір гол ғана соғылды. Бұл гол «Ертіске» үш ұпай сыйлады. Қазақстан Премьер-лигасының 26 турында тең нәтиже тіркелген жоқ. Әзірге топ басында ‒ «Тобыл».
Премьер-лига
Ме-сто | Команда | Ойын | Ұ | Т | Ж | Доп | Ұпай |
«ТОБЫЛ» (Қостанай) | 26 | 17 | 4 | 5 | 40-20 | 55 | |
«ҚАЙРАТ» (Алматы) | 26 | 17 | 2 | 7 | 49-22 | 53 | |
«АСТАНА» (Астана) | 24 | 16 | 2 | 6 | 48-21 | 50 | |
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент) | 26 | 14 | 7 | 5 | 36-16 | 49 | |
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған) | 26 | 12 | 5 | 9 | 34-20 | 41 | |
«ҚАЙСАР» (Қызылорда) | 26 | 12 | 4 | 10 | 33-32 | 40 | |
«ШАХТЁР» (Қарағанды) | 26 | 9 | 6 | 11 | 32-33 | 33 | |
«ОҚЖЕТПЕС» (Көкшетау) | 25 | 9 | 3 | 13 | 33-38 | 30 | |
«ЕРТІС» (Павлодар) | 26 | 7 | 4 | 15 | 16-37 | 25 | |
«ТАРАЗ» (Тараз) | 26 | 5 | 4 | 17 | 19-50 | 19 | |
«АТЫРАУ» (Атырау) | 25 | 4 | 6 | 15 | 16-42 | 18 | |
«АҚТӨБЕ» (Ақтөбе) | 26 | 6 | 5 | 15 | 27-52 | 11* |