» » Роналду: Месси – нашар футболшы

Роналду: Месси – нашар футболшы


Криштиану Роналду жас жанкүйерлерімен әңгімелесті. «Реалдық» шабуылшы аталған әңгіме барысында Мессидің нашар футболшы екенін тілге тиек етті.
Испания чемпионаты 20-турының аясында Депортивоға қарсы ойнайтын матчтың алдында Роналду өзін алаңға алып шыққан жас жанкүйерімен әңгімелесті.
Жас жанкүйер Роналдуға «Сен мен үшін әлемдегі үздік футболшысың, ал Месси...» деп ойланып тұрып қалады. Баланың сөзін Роналду өзі аяқтап, «Ал Месси – нашар футболшы» дейді.
Басылымның хабарлауынша, бұл әңгімеге тағы бір жанкүйер қосылып, ол да Мессидің футболды нашар ойнайтынын айтқан.
Естеріңізге сала кетсек, «Реал» Депортивоны 7:1 есебімен жеңіп, Испания чемпионаты турнирінің кестесінде төртінші орынға жайғасқан болатын. Аталған кестеде бірінші орында Барселона тұр.
23 қаңтар 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031