ЖУРНАЛИСТЕР ӘКІМНІҢ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

Сайыста «Меншікті тілшілер», «Сыр медиа», «Жас тілшілер», «Qyzylorda арнасы», «Түркістан», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» командалары арасында тартысты бәсеке орнады. Ала доп аламанында «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымы І орынның биігін бағындырды. «Qyzylorda арнасы» ІІ орынды еншілесе, «Меншікті тілшілер» командасы үздік үштікті түйіндеді. Қатысушы командаларға да ынталандыру сыйлығы табысталды.