«СЫР МЕДИА» ТОП ЖАРДЫ

Әлия Әсембекқызын еске алуға арналған турнирді қала әкімдігі мен оның түрлі саладағы әріптестері мен дос-жарандары ұйымдастырды. Сондай-ақ, шараға Әлияның туған-туыстары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Әлия Ибраеваның өмірінен жарқын естеліктер айтып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге «Ішкі саясат», «Сыр Медиа», «Қызылорда телеарнасы», «Қоғам ТВ», «Меншікті тілшілер», «Қаламгер», «Жас тілшілер», «Әлияның достары» секілді барлығы 8 команда қатысып, бақ сынады.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысында «Сыр Медиа» командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды «Қаламгер» командасы, ал, ІІІ орынды «Қызылорда телеарнасы» еншіледі. Жеңімпаз командалардың бәріне қаржылай сыйлықтар тапсырылды.