» » Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

 Kyzylorda-news.kz. Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде «Астана» футбол клубы іnstagram желісіндегі аккаунтында жазды. Мәлім болғанындай, доп додасы бұрынғыдай үш айналым арқылы өткізілмейді. Командалар енді екі айналым бойынша сынға түсетін болды.
Естеріңізге сала кетелік, биылғы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы екі туры ойналды. Одан кейін коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған ойындар кейінге шегерілді. Тек «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Оқжетпес» алдағы тур ойындарын алдын-ала ойнап, қалған клубтардан бір ойын артық өткізді.
Қазір турнир кестесінде «Астана» 7 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орында 6 ұпаймен «Қайрат» командасы тұр.
07 маусым 2020 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031