» » ХОККЕЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

ХОККЕЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

    Қазақстан тарихта алғаш рет хоккейден ерлер командалары арасындағы әлем чемпионатының А дивизионын қабылдайды. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайты жазды.
Кеше, яғни 17 мамыр күні Халықаралық хоккей федерациясының конгресі (IIHF) жыл сайынғы съезі басталған болатын. Онда хоккейден ерлер командалары арасындағы әлем чемпионатының А дивизионын өткізу мәртебесі Қазақстан мен Словения Хоккей федерациясына ұсынылды.
Бүгін, 18 мамырда IIHF Конгресіне қатысушы елдер дауыс беріп, нәтижесінде Қазақстан жарысты өткізу мәртебесіне ие болды. Енді, аталған дода Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін болады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 2019 жылы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған.
18 маусым 2018 ж. 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031