Сұңғыла суреткер

Елу жылдан кейін осы сөзді алыптардың інісі болған, кейінгі тынысы болған, ізін басып, жарқын дәстүрдің бағын ашқан, жаңа ғасыр әдебиетінің көш басындағы классик Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өзіне арнап айтсақ та болғандай екен. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп келе жатқан Әбеңдей сұңғыла суреткері бар қазақтың мерейі биік, бақыты ерен шығар! Өз басымыз өзге жақта мұндай кемел жастағы кемеңгер қаламгері бар халық барын естімеппіз. Бар да болар, бірақ ол Әбең емес қой...
Әлібек АСҚАРОВ,
«Тіл-Қазына» ұлттық
орталығының бас директоры
«Тіл-Қазына» ұлттық
орталығының бас директоры