Жемқорлық басты тақырып
Қызылорда Қалалық Ішкі Саясат Бөлімі қолдауымен және "Қызылорда облысының жастар одақтары" ҚБ ұйымдастыруымен 15-16 қыркүйек аралығында Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығы, Абзал и Компания ТС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында 3 дөңгелек үстел өткізілді.Кездесу барысында Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ақпараттық-ағартушы Штаб мүшесі Болатбек Айтбенбетов заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.