Эссе тақырыбы отбасы
7-28 қыркүйек аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан - отбасынан басталады» атты онлайн эссе байқауы өтті.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде онлайн түрде @qogam.kzo парақшасында жүргізілді. Байқаудың мақсаты бала тәрбиесіндегі алғашқы орта отбасы құндылықтарын насихаттау. Келіп түскен эсселер арасынан жеңімпаздар анықталды 1 орын - Бағдатұлы Бексұлтан, 2 орын - Нұрғалиева Назым, 3 орын - Әбен Айкүміс жеңімпаз атанып, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының арнайы диплом, алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Марапаттауға Ішкі саясат бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек мырза қатысты.