Жас келіндер арасында байқау өтті

Байқау Instagram желісінде онлайн түрде @qogam.kzo және @kelinka_aidanka парақшаларында жүргізілді. Шараның мақсаты отбасындағы тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, келіндердің нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау.
Сайыс таныстыру, сәлем салу, ас әзірлеу, өнер көрсету, тікелей эфирде сұрақ – жауап сынды 4 кезең бойынша өтті.
Байқау қатысушыларын Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Есмаханов Алмасбек марапаттады.Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Ең көп дауыс жинаған қатысушы «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.