» » ЕНДІ СЫЙЛЫҚ БЕРУ ДЕ ҚЫЛМЫС

ЕНДІ СЫЙЛЫҚ БЕРУ ДЕ ҚЫЛМЫС

  Жуырда ел Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп, департамент қызметкерлеріне жаңадан қабылданған заң қағидалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністері туралы және профилактикалық шаралардың маңызына тоқталды.
Келесі кезекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді.
Аталған заңда мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасы үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, сыйлық беруге жол берілмейтіні қарастырылған.
Алдағы уақытта, жоғарыда аталған департаменттердің жауапты қызметкерлері қоғам өкілдерімен бірлесіп, жаңадан қабылданған заң қағидалары бойынша мемлекеттік органдар арасында түсіндірме жұмысын жүргізеді.
А.ҚАРЖАУБАЙ
16 қазан 2020 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930