» » Бір күні қос шара

Бір күні қос шара

2020 жылғы 15 қазан күні сағат 11.00-де Қалалық “Qosyl” жастар ресурстық орталығының базасында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық – ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру және еріктілер жылына орай түрлі шаралар ұйымдастыру” әлеуметтік қызметі аясында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жастар және жас отбасылармен кездесу өткізілді.Кездесуді жүргізуші - Облыстық Рухани жаңғыру орталығының “Тәрбие және білім” бөлімінің басшысы - Абдихаликова Алима Жакуповна.
Кездесудің мақсаты - отбасының маңызды сипатын, құрылымын, динамикасын, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығын түсіндіру және жастарға, жас отбасыларға дәріптеу болып табылады.
Шара жоғары деңгейде қызықты өтті.
Сағат 12.00-де жастар мен жас отбасыларға арналған психологиялық семинар-тренинг болып өтті. Тренингті жүргізуші - ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі, “Бітім-Медиация” орталығының психолог маманы - Аймаханова Назира Кенжебекқызы. Семинар-тренинг еркін форматта жүргізілді. Шара барысында қатысушыларға отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріліп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырылды. Тренинг қатысушылардың көңілінен шықты. Тренинг соңында белсенді қатысушыларға Назира Кенжебекқызы өзінің жеке қабылдауына ақысыз түрде сертификат табыстады.
15 қазан 2020 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031