» » СТОЙЧО МЛАДЕНОВ: ФУТБОЛШЫЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕҢДЕР ДЕП БҰЙЫРҒАН ЕМЕСПІН

СТОЙЧО МЛАДЕНОВ: ФУТБОЛШЫЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕҢДЕР ДЕП БҰЙЫРҒАН ЕМЕСПІН

Стойчо МЛАДЕНОВ, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері:
ФУТБОЛШЫЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕҢДЕР ДЕП БҰЙЫРҒАН ЕМЕСПІН
   Апта басында аласапыран орын алды. Бұл жолы даудың басы Дайрабайдың көк сиыры емес, Стойчоның сөздерінен туындады. «Қайсар» мен «Каспий» кездесуінен кейін бас бапкер мен ойыншы арасында кекілжің туындап, Младеновтың шәкіртіне бағыттаған әңгімесі елде резонанс тудырды. «Қазақ тілінде сөйлемеуге» нұсқау берді деп тараған ақпараттың ақ қарасын Стойчо Младеновтың өзінен сұрағанды құп көрдік.
– Стойчо мырза, бірнеше күннен бері БАҚ беттерінен сіздің іс-қимылыңыз жарияланып жүр. Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде сөйлеуге рұқсат бермейді деген ақпар тарады. Жалпы Алматыдағы даудың басы осыдан туды деген жаңалықты да естідік. Бұл қаншалықты рас?
– Кекілжің «Каспийден» кейінгі ойыннан кейін туындады. Біз биыл «Каспийден» екінші мәрте жеңілдік. Үздік бестікте келе жатқан командаға мұндай қателікті қайталауға болмайды. Кездесуден кейін жағымсыз жағдайлар орын алды. Шешінетін бөлмеде футболшы ойынды қазақ тілінде талқылап жатыр екен. Мен барлығына түсінікті болу үшін ортақ тілде сөйлеуін өтіндім. Өйткені командада түрлі ұлт өкілдері бар.  Нақты қай ойыншымен болғанын айтпай-ақ қояйын. Өйткені бұл жағдайды әрі қарай шиеленістіргім келмейді. Биыл 4-маусым командада жұмыс істеп келемін. Команданың тең жартысынан көбі қазақстандық футболшылар.  Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сөйлемеңдер деп бұйырған емеспін. Спорт болган соң шәкірт пен бапкер арасындағы кекілжеңдер туындап тұратыны заңдылық. Бірақ мұндай сәттерде сабырлық танытқанымыз жөн.
– Александр Колевке тоқталайықшы. Негізгі құрамнан түспейтін Александр расымен сіздің күйеу балаңыз ба?
– Қазақстанда байқағаным бұрмалаушылық көп екен. Менің өмірбаянымды қарап шығуға кеңес беремін. Сонда нақты жауапты табасыз. Менің екі балам бар. Қызым жоқ болса, күйеу бала қайдан болады? Александр бізге Польшаның клубынан ауысып келді. Алаңда пайдалы жақтары көзге көрінбеуі мүмкін. Бірақ команда үшін маңызды ойыншының бірі деп айта аламын.
– Жыл басында «Қайсар» футбол клубының бюджеті қысқарғаны белгілі. Сол кезде бапкерлер құрамы жалақының қысқаруына қарсы білдірді деген ақпаратты да көзіміз шалып қалды...
Иә, індеттің салдарынан клубқа оңтайлану жұмыстары жүріп, команданың бюджеті 34 пайызға қысқарды. Бұл тек Қазақстанда болып жатқан жағдай емес. Әлемдік проблема. Сондықтан қаржының қысқаруы заңдылық. Мен әріптестерімен бірге жалақаның қысқаруын құптадым. Сондықтан келіспеді деген жаңалық жалған екенін жеткіземін.
– Соңғы сауал. Команданың алға қойған нақты мақсаты қандай?
– Үздік бестіктен төмен түспеу. Мүмкіндік болса Еуропа лигасының жолдамасына талпынамыз.

04 қараша 2020 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930