Ұлы істер ұсақ-түйектен басталады
Әр адам – жеке тұлға және әртүрлі кәсіпті игере алады. Тарихи істердің қалануына қарай, әртүрлі еңбек орындары адамнан өзінің жеке қасиетін және жүріс-тұрысын анықтауды талап етеді. Сондықтан мамандық таңдауда мына істерді қатаң ескеру қажет. Мәселен, сабақтан тыс уақытта айналысатын ісің, сабаққа қатысы болмаса да, өзіңе ұнап, өміріңнің бір бөлшегіне айналу керек. Бір бұйым дайындап жатқаныңда шикізатты үнемдеуің, волейбол ойнап жатқан өзіңнен кіші балаларға ойын тәртібін түсіндіруің, бөлмені безендіргенде көрсеткен көмегің көзге еленбес дүние болғанымен келешектегі өмір жолыңа, таңдаған мамандығыңа әсері мол.
Жастардан тың идея туып жатады. Машина құрастыруға, роботтармен жұмыс істеуге, жаңалық ашуға құмар. Осы кезеңде оларға қолдау көрсету маңызды. Мұның өзінен келешегін болжап, қай мамандықты таңдайтынын білуге болады. Мамандықты дұрыс таңдау еліміздің дамуына ықпал етеді.
Полатхан Шырынбеков,
№189 орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі