» » "Нұрлан, жүрек"

"Нұрлан, жүрек"

            «Абылай хан» атындағы колледжінің ҒС-24 оқу тобының VI курс  студенті Мөлдір Әбдірауышованың «Нұрлан, жүрек» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
            Автордың әдебиет әлеміне деген қызығушылығы мектеп табалдырығынан басталған. Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Жауқазын ғұмыр» жас ақындар клубының мүшесі ретінде жыр мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындарды еншіліген. Оның қаламынан  туған «Біз қазақпыз», «Өмірім», «Кім ойлаған», «Мен бақытты боламын», «Әкеме», «Апам», «Сын сағаты» сынды өлеңдері оқырманнан өз бағасын алды. Туған жеріне арнаған «Аманөткелім» өлеңіне ән жазылып, сол ауылдың әнұранына айналды. Әркез ізденуден жалықпайтын, алға қойған мақсатын жүзеге асырам деп бар күш жігерін жұмсайтын, тынымсыз қасиеттерінен Мөлдірдің өзіндік мінезі, болмысы таныла түседі. Өлеңді өміріне балаған жас ақын қазақтың ұлы сөз өнеріне бір өрнек қоссам деген оймен қаламын ұштауда. Жинақтағы өлеңдерінің қай-қайсысы да көзіқарақты оқырманды бей-жай қалдырмайды. Автор өзінің тұңғыш тырнақалды жыр жинағын колледж кітапханасына сыйға тартты.
 Аманкүл Қоспанова,
«Абылай хан» атындағы колледждің
 кітапхана меңгерушісі
23 ақпан 2018 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031