» » ЖАСТАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН СЕНІМ МЕН МІНДЕТ

ЖАСТАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН СЕНІМ МЕН МІНДЕТ

Жолдауды қолдау
   Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына жасаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Жолдаудың жетінші бағыты «Адами капитал – жаңғыру негізі»деп аталып, білім берудің жаңа сапасын арттыру үшін біршама тапсырмалар жүктелген. Әрине, ол тапсырманы үкімет пен министрліктер ғана емес, біз секілді жастардың тікелей ат салысуымен жүзеге асатынын ұғыну керек. Білім басты бағдар ретінде көрсетілген Жолдауда жас мамандар үшін көптеген мүмкіндіктер бар. «Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс» - деп, атап айтты мемлекет басшысы. Бұл – білім саласына барынша жаңашылдықты енгізу деген сөз. Жолдаудың бір ерекшелігі – білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған.
  Ұлт көшбасшысының жолдаудағы «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыру қажет» деген жолдарды оқыған сәтте менің өткен жылы Өзбекстан Республикасына жасаған сапарым есіме түсті. Қазіргі таңда білім алып жатқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мені Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының тарих институтына шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін екі аптаға жіберген. Нәтижесінде көрші елдегі тарих ғылымының жай-күйімен, магистрлік диссертация тақырыбым бойынша материалдар және туған жеріміз Қызылорда тарихына қатысты мәліметтерге қол жеткіздім. Алдағы уақыттарда да шетелдердің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынасымызды арттырып, ғылымға жаңа серпінмен ат салысамыз деген ойдамын. Өйткені жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізу керегі айтылған.
  Азаттықтың ақ туын аңсап өткен XX ғасырдағы алаш зиялысы, қазақтың біртуар перзенті Міржақып Дулатұлынан «ғылым үйрен – көзің ашылады» деген нақыл сөз қалыпты. Көзі ашық халық ғана жер бетінде мәңгі тұрақтамақ. Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп, жастарға үнемі білім-ғылымның маңызды екенін айтып келеді. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін білетін, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс» - деп, Елбасымыз XXI ғасыр жастарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Қазақстандық жастар бұл сенімнен шығып, жетістікке жетіп, биік белестерді бағындырары сөзсіз.
Әзімов Нұрлан,
 Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты

 
01 наурыз 2018 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031