Айда шаңғы тебу
Ғаламдық бағдарламалар арқасында ай бетіндегі тауларда шаңғы тебу мүмкіндігі туып тұр. Ғарышқа барған тұңғыш спортшы-ғарышкер Алан Шепард – ай бетінде гольф ойнаған жалғыз адам. Гольфтан басқа, ай кеңістігінде шаңғы да тебуге болады екен. Аполлон-17 экипажының мүшесі Харрисон Шмитт ай бетіндегі шаң-тозаңда белгілі бір қашықтыққа бару үшін кәдімгі шаңғылар жақсы көлік болатынын да айтып кетіпті. Ай бетін барынша тезірек зерттеуге басқа көліктерден гөрі шаңғылар ең қажетті деп саналған. Астронафтың айтуынша, Ясность теңізінің жағалауында туристік орын ашуға болады-мыс.