ЛАТЫН ҚАРПІ ӘЛЕММЕН ҚАУЫШТЫРАДЫ
Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш. Латын қарпіне көшу, ел дамуының жаңа сатысы. Мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі. Мәдениетімізді, тілді, ұлттық кодты сақтай отырып, ашық әрі зайырлы қоғам қалыптастыруда атқарылып жатқан іс-шаралар жетерлік. Ұлттық сана-сезімнің көкжиегі кеңейтілуде. Ұлттық болмыстың өзегі сақталып, сипатына өзгерістер енгізілуде. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау – ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам болмақ. Бүгінде латын әліпбиін дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданады. Сондықтан латын қарпін білген отандастарымыз жер шарының қай түкпірінде жүрсе де ақпар алып, хабар алмаса алады. Латын графикасы халықаралық сипат алып, өзге елдерге біздің бай және көркем тілімізді танытуға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыламыз десек, латын әліпбиіне көшіп қана қоймай, тез арада жетік меңгеріп алуымыз керек. Себебі қазақстандықтардың озық инновациялар мен жаңа технологияларды игеруіне жол ашады.
Гүлжаухар Асылбекова,
№140 Абылай хан атындағы
мектептің мұғалімі