ЖАҢА ӘЛІПБИ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫН БІРІКТІРЕДІ
Латын әліпбиіне көшу, ең алдымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуы деп қарастырған жөн. Бұрын қазақ тілінің жазуын халық сыртқы күштердің, мәдениет пен өркениеттің ықпалы арқылы қабылдады. Қазір латын әліпбиін таңдау саналы түрде жүргізілгелі отыр. Себебі, бұл – өркениеттің жолын таңдау. Әлемдік өркениетте бәсекеге түсетін басты қаруымыз – латынға негізделген қазақ жазуы болмақ. Жаңа әліпби – күллі әлемдегі қазақтарды біріктіретін аса маңызды фактор. Елбасымыз айтқандай, бұл қадам бізді әлеммен тұтасуға, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен ғаламтордың тілін игеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Қорыта айтқанда, латын қарпіне көшу өркениетті қоғам құрып, дамыған отыз елдің құрамына енуде, ең бастысы, ұлттық сана жаңғырып, ұрпақ бойына ұлттық құндылықтардың сіңуіне тікелей әсер ететін прогресс болмақ. Ел ертеңі үшін жасалып жатқан бастама тәуелсіз Қазақстанның жасампаздыққа ұмтылған жарқын сипатын танытатындай.
Меруерт ҚУАНЫШБЕКОВА,
«Рухани жаңғыру» орталағының маманы