» » МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН АРМАНДАҢЫЗ

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН АРМАНДАҢЫЗ

Startup жобалар
Облысымызда өткен Hackday фестивалінде үздік деп танылған жобаның бірі – «Qamqor». Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жәрдемдесу мақсатында жасалған бағдарлама авторы –  Арайлым ЕСІРКЕП, Анар МАТЖАН, Аружан БЕКМЫРЗА жоба туралы баяндап берді.
«ҰСТАЗЫМЫЗ ҚАНАТТАНДЫРДЫ»
Мектепте 10-сыныпта робототехника пәнінің мұғалімі программалаудың тәсілдерін таныстырды. Сырттай қиын көрінгенмен, меңгеруге талпынсаң, қызықты сала екеніне көз жеткіздік. Осыдан бастап, ақпараттық технологияларды зерттеуге бел будық. Тобымызда әрқайсымыздың міндетіміз бар. Арайлым – спикер, Анар – программист, Аружан – дизайнер.
«QAMQOR» ЖОБАСЫНЫҢ ИДЕЯСЫ
Электронды бағдарлама қоғам мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасы арасындағы көпір болса деген мақсат болды.  Қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімін алып, көмектесуге шешім қабылдадық. Себебі бәріміздің үйімізде киілмейтін киімдер, керек емес тұрмыстық заттар жеткілікті. Көбіміз мұндай заттарды қайда апаратынымызды білмейміз. Бағдарламаны ұялы-телефонға жүктегеннен кейін аты-жөніңіз бен мекен-жайыңызды тіркейсіз. Егер заттарды өзіңіз өткізгіңіз келсе, бірнеше нысанның мекен-жайы ұсынылады. Сондай-ақ, тапсырыс берсеңіз, өзіміз алып кетеміз.
«ЖОБАҒА ИНВЕСТОР ІЗДЕУДЕМІЗ»
Жақында облыс әкімі мен жеке кәсіпкерлер алдында бағдарламаны таныстырдық. Бұл бағдарламаның үлгісі ғана. Енді жүзеге асу үшін инвестор керек.
 
«КICKSTARTER» БАҒДАРЛАМАСЫ ҰНАЙДЫ
Бұл – американдық бағдарлама. Қолданушы тың идеясы, жаңа жобасы туралы ақпарат қалдырады. Сондай-ақ, жүзеге асу үшін керекті қаражат мөлшері мен уақытын белгілейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен бағдарламаның мақсатын ұнатқан адамдар қаржылай қолдау білдіреді. Егер қаржы жиналып, жоба белгіленген уақытта іске қосылмаса, иелеріне қайтарылады. Мұндай бағдарлама біздің елде жоқ. Жастардың бастамасына демеу болсақ деген ниетпен, «кickstarter» сынды жобаны қолға алуды жоспарлаудамыз.
«Мен бала кезімде қайырымдылықпен айналысу туралы жиі ойлайтынмын. Осы «Qamqor» бағдарламасын жасау барысында сол ойым есіме түсті. Сондай-ақ, мектепте Назарбаев университетіне және Сүлейман Демирель университетіне барғым келетін. Осы IT саласындағы сайыстарға қатысып, екеуін де көрдім. Бұйыртса, Назарбаев университетіне оқуға түскім келеді. Сондықтан, мақсатқа жету үшін армандаңыз», – дейді топтың спикері Арайлым Есіркеп.
Әсел БЕГМАН
02 наурыз 2018 ж. 1 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031