» » Бүлдіршіндер сурет салудан сайысты

Бүлдіршіндер сурет салудан сайысты

 Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда облыс орталығындағы Көркемсурет галереясында балалар арасында «Менің Анам ең қымбатты» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
    Оған  «Фирма «Best-Service LTD» қызметкерлерінің  6-14 жас аралығындағы балалары қатысты. Байқаудың демеушісі - «Фирма «Best-Service LTD» ЖШС. Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің қымбатты аналарының бейнесін қағаз бетіне түсірді.
    Жарысқа ҚР суретшілер одағының мүшесі, Нартай Бекежанов атындағы театр суретшісі Темірбек Сағынбаев, Көркемсурет галереясының меңгерушісі, ҚР суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Рамазанова, «Фирма «Best-Service LTD» бас директоры Ли Гром қазылық етті.
    Байқауға қатысқан 70-тен астам балақайлардың ішінен оза шауып І орынды Бақдәулет Рахымжан, Серікбай Әділет, Жания Махамбетова жеңіп алды. Келесі жүлделі орынға – Мадина Серікбай мен Әділет Серікбай, Зере Алмат тұрақтады. Ал ІІІ орынды – Богдана Звягина, Шахзада Шакирова, Сабира Есқараевалар алды. Бибінұр Бақытхан, Дана Серікбай  ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
06 наурыз 2018 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930