» » Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді

Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді

Флорида сенаторлары Парклендтегі оқиғадан кейін мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат етіп отыр.
Флорида штаты парламентінің жоғарғы палатасы Парклендтегі мектепте болған атыстан кейін мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РБК.
Сондай-ақ заң жобасында қару сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру жағы да қарастырылған. Бұған қоса, депутаттар жартылай автомат қарудың ату жылдамдығын арттыратын құрылғыларды сатуға тыйым салды. Ережелерді қатаңдатуды 20 сенатор қолдаса, 18 депутат қарсы болған.
Бұдан бөлек, заң жобасында мектептерде күзетшілер санын ұлғайту, сондай-ақ кейбір мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беру көзделген.
Парклендтегі Marjory Stoneman Douglas мектебінде 15 ақпанда атыс болып, салдарынан 17 адам қаза тапқан еді. Оқушыларға бұрын сол мектепте оқыған 19 жастағы бозбала оқ жаудырған.
09 наурыз 2018 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031