» » Мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Жанат Омарбекова айтты. 
«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұғалімдерге пайызсыз несиелер беріледі. Жергілікті жерлерде педагогтардың тұрақты жұмыс істеуі мәселесін үнемі талқылаймыз. Осы ретте әлеуметтік жеңілдіктер, еңбекақы, баспана беру тақырыптарын қарастырудамыз, алайда бұл мәселелер толық шешімін таппай келеді. Егер де халықаралық тәжірибені назарға алсақ, кейбір елдерде пайызсыз несиелер беріледі. Егер адам жұмысынан кетсе, онда ол пайызсыз жеңілдіктерін жоғалтады. Яғни, кейіннен қарызы бойынша пайызын төлей бастады. Менің ойымша, осы бағытты пысықтаған дұрыс болады», - деді Жанат Омарбекова. Бұдан бөлек, жиын кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

20 ақпан 2018 ж. 2 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031