» » ДЕРТТІ БЕТ ПЕН ҚОЛҒА ҚАРАП ТА БІЛУГЕ

ДЕРТТІ БЕТ ПЕН ҚОЛҒА ҚАРАП ТА БІЛУГЕ

Адамның бет-жүзі мен қолына қарап та оның қандай дертпен ауыратынын білуге болады екен. Төменде жазылған кеңестерді назарыңызда ұстай жүріңіз! Егер өзіңізден сол белгілердің бірін байқасаңыз, тез арада дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс болады. • Шекеңіздің терісі қызара бөртсе, оны ішек қызметінің бұзылғандығы деп біліңіз. Маңдайыңыз қызарыңқырап тұрса, онда сіз тұтынатын тағамдардың құрамында тұз көп болғаны. Тұз — бүйректің жұмысына кедергі келтіреді. Ал маңдайыңыз бозарыңқы тартса, тәттіге аса құмар жанның бірісіз. Тәттіні шектен тыс жеу ағзаға зардап тигізеді. Екі қасыңыздың арасындағы әжімдердің сызығы көлденең болса, бауырдың қызметі нашарлады деген сөз. Маңдайдағы түзу және көлденең тартқан әжім белгілерінің көптеп кездесуі – құрамында ақуызы мол тағамдарды аса көп пайдаланудың салдары.
Қос жанарыңыздың астыңғы және үстіңгі жағы қошқылданып, қатпарланып кетсе, бүйректің ауыратыны шүбәсіз. Беттің ұшы мен танаудың айналасындағы тері қабаттарының қызарып кетуі бұл ішек-қарын ауруларының туындағанын ұқтырады. Ал танау ұшындағы тамырлар көлемі кеңейіп кетсе, сөз жоқ жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқығаны. Бет ұшы мен еріннің арасындағы бөлікте ақ немесе қара бөртпелер болса, сіз қант пен сүт тағамдарын молынан тұтынатын адамсыз. Сонымен қатар бронхит ауруының белгілері де беттің осы бөлігінде аңғарылады. Қолыңыз қысы-жазы жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
Ал алақаныңыз үнемі қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны. Алақаныңыз тершіп, дымданып немесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары. Қолыңыздың терісі ақжарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы. Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қал-ғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамырлары жүйесінде ақау бар. Егер жансыздану үлкен саусақтарыңыздан байқалса, ол тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы. Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес. Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйесіндегі ақауды, қоңыр-қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аң-ғартады. • Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз. Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып, терісі түлей берсе, онда ол өт қалтасы жұмысы бұзылғанының белгісі.
10 наурыз 2018 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031