» » Назарбаев журналиске: Үйде сөйлесеміз

Назарбаев журналиске: Үйде сөйлесеміз

 Қазақстан президенті Назарбаев Орта Азия елдерімен кездесудің соңын әзілмен аяқтады. Ол сұрақ қойғысы келген журналистке қалжыңмен жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттерімен және Түрікменстан мәжілісінің басшысымен кездесудің қорытындылары туралы баяндағаннан кейін президент журналистерге сұрақ қоюды ұсынды.
«Міне, мен сізге бәрін айттым. Қызықты сұрақтарыңыз бар ма? Әлде дұрыс айтпадым ба? »- деп күлді Назарбаев.
Айта кетейік, бұл кездесуде президентке сұрақ қою қарастырылмаған. Журналситер тек нәтижені тыңдауы тиіс болған. Сондықтан баспасөз өкілдері тосылып қалды. Залдан «жоқ» деген жауап естілді.
«Сен жоқ десең болды ма, солай ма?», – деп күліп президент орындығынан қозғалды.
Дегенмен, «Қазақстан» ТРК басшысы Ерлан Қарин «Сұрауға бола ма?», – деді.
«Ерлан, сен бе? Кейін, үйде сөйлесеміз», – деп жауап берді Назарбаев.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан президентінің басшылығымен Орта Азия елдерінің басшыларымен кездесу өтті.
15 наурыз 2018 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031