» » Қызыр ата, көк тас және гуіл

Қызыр ата, көк тас және гуіл

                                                                                     Аңыз бен ақиқат
 Бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Қыс пен жаздың халық санасындағы көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік теориядан іздеуіне себеп болды. Жақсылық пен жамандық, қыс пен жаз, суық пен жылы, қайырымдылық пен қатыгездік күресінен туған деген ой қорытындылары осы кезде айтыла бастады.
Қазақ мифологиясы бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды. Сенімнің әсерінен «Қызыр түні» деген ұғым қалыптасқан. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып кейіпкер. Сонымен қоса бұл жай ғана ойдан құрастырылған кейіпкер емес. Ғалым Құдайберді Бағашар Қыдыр немесе Қызыр – Мұса пайғамбардың дәуірінде өмір сүрген, пайғамбар болуы мүмкін хикмет пен ілім иесі деп жазады. «Қызыр» аталу себебін Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) жүрген жері гүлденіп, көгеріп, көктеп сала беретін ерекше қасиетімен түсіндірген. Қазақтың құт қонған, береке дарыған деген мәнді Қыдырмен байланыстыратыны осыдан.
Құранда Қызыр туралы ашық айтылмайды. Алайда «Кәһф» сүресінің 60-82 аяттарындағы «Өз тарапымыздан оған рахым берген және ілім үйреткен құлдарымыздың бірі» деп тілге тиек етілетін кісінің Қызыр (а.с.) екені білінген.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да рауандап атқанда бұл сәт біздің өңіріміздегі түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Ұлыс келер түні Қызыр бабаға арналып әр үйдің төрінде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелері бар ыдысты аққа, суға, ырыс толсын деп дәнге, жауын-шашын көп болсын деп бұлақ суына толтырады. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер: «Самалық, самалық, Көк құс көзін ашты ма? Аяғын жерге басты ма? Самалық, самалық, Самарқанның көк тасы, Жібіді ме, көрдің бе? Самалық, самалық, Қап тауының көк құсы Жүгірді ме, көрдің бе?»- деп қойнында көжегі, қолында бәйшешегі бар балаларына сұрау қойған.
Аңызға сенсек, астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібіткен. Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен.
22 наурыз күні жер-көкті жарып, ерекше бір гуіл, дыбыс өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстаған жөн. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
Әзірлеген А.Сағида
21 наурыз 2018 ж. 1 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031