» » Облыстық оқушылар айтысы

Облыстық оқушылар айтысы

 А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің қолдауымен «Көктем нұры» атты облыстық дәстүрлі оқушылар айтысы өтті.
Қаладағы №197 қазақ орта мектебінің ұжымы ұйымдастырған шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесіне орайластырылды. Доданың мақсаты – жас ақындарды қолдап, халыққа таныстыру, атадан балаға мирас болған айтыс өнерін насихаттау.
Айтысқа әр ауданнан 10 жас ақын қатысты. Ұлттық өнерді бағалайтын сырбойылық көрерменге жас ақындардың сөз саптауы мен орынды сөз қолданысы ұнады.
Ақындар ішінен бас жүлдені №197 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ерасыл Байментаев иеленіп, оған 50 мың тенге көлемінде сыйақы берілді. Жүлделі І орынды Арал ауданы №66 Шөмішкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бексұлтан Орынбасаров (40 мың теңге), ІІ орынды №2 «Мұрагер» мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Сандыбай Піржан (30 мың теңге), ІІІ орынды №187 мектептің 8 сынып оқушысы Бақдәулет Әбілдаев (20 мың теңге) өзара бөлісті.
Додаға қатысушы басқа жастарға «Көрермен көзайымы» номинациясы тағайындалып, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
Наргиза БЕКТАЙ, 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
4-курс студенті.
24 наурыз 2018 ж. 1 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031