» » Өскеменде ерекше аялдама салынды

Өскеменде ерекше аялдама салынды

Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі ерекше аялдама салынды.
Аялдаманың сыртқы көрінісі ғана ерекше емес, онда қалалықтар автобусты күтіп тұрғанда уақытын пайдалы өткізе алады. “Кешенде кітап сөресі бар. Алғашқы даналарын өзіміз алып келдік”, – дейді А.Пушкин атындағы кітапхананың өкілдері.
“Халық бұл кітаптарды алып кете алады, бірақ оқыған соң қайтарады деген үміттеміз. Бастысы кітап сөресі бос болып қалмағаны”, – дейді кітапханашылар.  Мұндай кітап алмасу Еуропада кең қолданыста.
Мұның аты – кроссбукинг. Ұйымдастырушылар бұл туралы өскемендіктер де біліп, қолдана бастайды деп есептейді. 

Сонымен қатар, аялдама қабырғасынан түрлі туындының QR-коды болады, оны телефонға жүктеп алуға болады.
“Аялдама кешенінде Wi-Fi  және ыңғайлы орындықтар бар, сондықтан мұнда адамдарға ыңғайлы болады деп ойлаймын”, – дейді “Кітапхана аялдамасы” идеясының авторы Райхан Алханова.  Бұл идеяны студент қыз бір ай бұрын қала әкіміне ұсынған болатын. Қуат Тұмабаев осы идеямен танысып шыққан соң, қолдап, келісім берген еді.

24 наурыз 2018 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031