» » Төрт колледж диплом көшірмесін сатып келген

Төрт колледж диплом көшірмесін сатып келген

  Павлодар облысында техникалық және кәсіби білім беретін төрт мекемеде дипломның көшірмесі үшін 500 теңгеден бастап, 3000 теңгеге дейін талап еткен, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Мемлекеттік немесе жеке меншіктегі колледж екеніне қарамастан, 2015 жылдан бері мұндай қызметтер тегін көрсетіліп келеді». Ең қымбат көшірмелер Инновациялық Еуразия университетінің колледжінде – үш мың теңге. Бұл жерде өткен жылы 22 құжат сатып үлгерген. Ол қаражатты оқу ордасы 2018 жылдың 1 маусымына дейін қайтарады. Ең төмен бағаны Ж.Мұса атындағы Ақсу мемлекеттік колледжінде сұраған – 592 теңге. Бұл қызметке 57 адам жүгінген. 34 қызметті пайдаланушыға өз ақшалары қайтарылды. Қалғандарына 2018 жылдың 1 мамырына дейін кері беріледі. «ҚазтұтынуОдағы» Павлодар экономикалық колледжінде үш айдың ішінде 18 адамға қаражаты қайтарылмақ. Тағы 10 адам өз ақшасын Павлодар политехникалық жоғары колледжінен алады. Сонымен қатар ТжКБ мекемелерінде дипломның көшірмесін беру уақыты 20 күнді құраған. Ол үшін бар-жоғы жеке куәлік пен өтініш беру жеткілікті болған, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Анелия Каир.
А.Каирдің айтуынша, департаменттің ұйғаруымен білім басқармасының колледждері 108 қызмет пайдаланушыға 100 мың теңгеден астам қаржы қайтарады. Павлодар облысында барлығы 50 колледж жұмыс жасайды. Оның 16-сы – жекеменшік.
27 наурыз 2018 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031