Қазақстандықтар20 мың теңгеге көлік сатып ала алады
Бұл туралы KASE ресми сайтында хабарлады.
Жоба авторлары қымбат сыйлықтар арқылы қазақстандықтарды қор нарығындағы акцияларды сатып алуға көңілдерін аудармақшы. Биржаның құрылғанына 25 жыл болғанынаа қарамастан 100 мың клиент жинап үлгерді. Дегенмен, кей сарапшылар үшін бұл нәтиже аз.
“Бұл байқауды өткізу инвесторлардың белсенділігін арттыруға және олардың санын көбейтуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтар акцияға ақша салып, қосымша табыс табуға үйренеді“, – дейді “Фридом Финанс” компаниясының бас директоры Тимур Турлов.
Турловтың айтуынша, жеңімпаз 20 мыңға билет сатып алып, байқаудық барлық қатысушыларынан артық табыс тапқан адам болады.
Сыйақы қоры: 1-орын Tesla электрлі көлігі, 2-орын Парижге 2 адамға жолдама, 3-орын – Apple Macbook Air.
Ал студенттерге арнайы сыйлық тағайындалған. Өз қаласында жақсы нәтиже көрсеткен студент – “Фридом Финанс” компаниясының филиалында жалақы төленетін тәжірибеден өтеді.
Байқау мерзімі – 2018 жылдың 2 сәуірінен 20 тамыз аралығы. Қатысу үшін HSBK, KCEL, KEGC, KZTK, CCBN, KZTO, RDGZ, AKZM, BAST, ABBN, BAC бойынша ең өтімді бағалы қағаздармен сауда жасау қажет. Онда 18 жасқа толған кез келген адам қатыса алады.