Білім бәсекесінде жерлестерге бас бәйге бұйырды
Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті. Білім бәйгесіне еліміздің әр өңіріндегі 16 жоғары оқу орнынан келген командалар өзара мықтыны анықтады. Олимпиаданың алғашқы күнінде 1 кезең бойынша командалар өздерін таныстырып, 2 кезең эссе байқауымен жалғасса, шешуші кезең негізгі пәндерден тест сұрақтары және жедел ақпарат сайысымен қорытындыланды. Сайыс қортындысы бойынша өңір намысын қорғаған Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың "Сыр түлегі" командасы топ жарды.