ТИМАТИ ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ
Астаналық азамат Абылай Қайыржанов әйгілі рэпер Тиматидің командасында видео өңдеуші маман ретінде жұмыс жасайды. Абылай осыдан бір жыл бұрын Black Star командасының ең үздік қызметкері ретінде танылған деп хабарлайды hommes.kz сілтеме жасаған NUR.KZ сайты.
Абылайдың айтуынша, ол видео түсіруге мектеп кезінде қызыға бастаған. Алғашында мұғалімдеріне арнап ұялы телефонға түсіріпті. Кейін бос уақытында видеоға монтаж жасауды үйренген.
Астаналық жігіт Тиматидың командасына 2016 жылы кездейсоқ түскен. Рэпердің Астана қаласындағы концертіне оператор ретінде шақырылған Абылай ресейлік жұлдыздың көңілінен бірден шығып, Мәскеуге келісім шартқа отыруға шақырту алған.
Тимати су жаңа көлікті Абылайға жаңа жылдық отырыста сыйға тартқан.
Бүгінде Абылай Егор Крид, Мот секілді танымал әншілердің жобаларында жұмыс жасайды.
Оның айтуынша, Тимати - өте жанашыр әрі қамқор адам. Қызметкерлеріне ақылын айта отырып, қол астындағыларға барлық жағдайды жасайды екен.