» » «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға ай сайын қанша төленеді?

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға ай сайын қанша төленеді?

  Жаңа «7-20-25» бағдарламасы бойынша төлемдер құнының қандай болатыны айтылды, деп хабарлайды ОКҚ баспасөз қызметі.  
Қазақстан Президентінің “Бес әлеуметтік бастамасын” іске асыру тақырыбы талқыланған дөңгелек үстелде Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтарын мысалдармен келтіріп, айтып берді.
«Мысалы, пәтер 12 миллион теңге тұратын болса, оның алдын ала төлемін (20 пайыз) төлеу үшін 2,4 миллион теңге қажет болады, ал қалған 9,6 миллион теңгені банк 25 жылға 7 пайызбен береді. Сөйтіп, ай сайынғы төлемнің көлемі 68 мың теңге болады», деді Мархабат Жайымбетов.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің барлығы бұл жобаға қатысатын болады. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «7-20-25» атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын. Бұл бағдарлама кез келген қазақстандықтың несиеге пәтер алуына мүмкіндік береді. «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы биыл мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр.
02 сәуір 2018 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031