«Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді
Байқаудың мақсат-міндеттері:
1) Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;
2) Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау;
3) Мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау;
4) Мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқаудың шарттары:
Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
Байқау критерилері:
Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып, "Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс" тақырыбында 3-4 минуттық бейнеролигын ұсынады. Бейнероликті мамыр айының 10-на дейін көрсетілген мекен-жайға жіберуі тиіс.
Байқаудың өту уақыты:
2018 жылдың мамыр-маусым аралығында өтеді.
Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Сондай-ақ басылым сайтында "дауыс беру" арқылы анықталады. Іріктеуден ең үздік деп танылған ұстаздар редакцияның арнайы мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жұмыстарыңызды aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды почтасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, "Сыр Медиа" мекемесінің 314 кабинетіне жолдаңыздар.
Байқаудың нәтижелері басылым сайтында жарық көреді.
Байқау ақысыз түрде өтеді.
Байланыс үшін:
8(7242) 40-06-71
8(7242) 70-10-69
87076120393