» » 11 қалада ауа сапасы жақсарады

11 қалада ауа сапасы жақсарады

  Қазақстан қалаларында жайсыз метеожағдайлар ауа сапасына ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.
Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы сияқты синоптикалық ахуалдың болжамы.

16 сәуір 2018 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031