» » Таңғажайып жұлдыз – жорамал

Таңғажайып жұлдыз – жорамал

 (27 сәуір-2 мамыр)
ТОҚТЫ
    Аптада айтарлықтай өзгерістер болмайды. Дүкен аралап, киім жаңартуға қолайлы уақыт. Махаббат мәселесінде мейірімді болған абзал.
ТОРПАҚ
Аптаның бірінші жартысында сабыр сақтап, жұмысқа шын көңіл бөлу керек. Серігіңізбен келіссөз ойдағыдай болмаса да жақсы нәтиже болғалы тұр.
ЕГІЗ
Осы аптада зияткерлік қабілет артады. Ұшқыр ойдың арқасында түрлі сыннан сүрінбей өтесіз. Жоспардағы іскерлік кездесу сәтті болмақ.
ШАЯН
Достың көмегі тиеді. Нәтижесінде жаңа жоба пайда болады. Жұмыс орнын ауыстырып, ұзақ мерзімді келісім-шарт күткелі тұр.
АРЫСТАН
Бұл апта тың ойлар мен жақсы жоспарға толы. Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. Бастаған іске жақыныңыз күмәнмен қарағанымен, сонында қолдау көрседі.
БИКЕШ
Қай іске қол созсаңыз да одан жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Дегенмен маңызды құжатқа қол қояр кезде сақ болыңыз.
ТАРАЗЫ
Апта кездесу мен іс-сапарға толы болмақ. Шаруа-шаруа деп, бейберекет шаршай берудің пайдасы шамалы. Сондықтан демалуды ойлаған жөн.
САРЫШАЯН
Өміріңізде елеулі өзгерістер орын алады. Ойыңыздағыны жүзеге асыру үшін біраз тер төгесіз. Бұл аптада қарсыласыңызды артта қалдырып, жаңа белеске аяқ басасыз.
МЕРГЕН
"Бәрін өз күшіммен істеймін" деп көмектен бас тарту сәтсіздікке әкеліп соғады. Сондықтан достарыңыздың да көмегін қабылдаңыз. Жұлдыздар сізге қаржы жағынан абай болуға кеңес береді.
ТАУЕШКІ
Білек сыбана жұмысқа кіріссеңіз, еңбектің жемісін көресіз. Маңызды мәсленің шешімін табатын уақыт жетті.
СУҚҰЙҒЫШ
Жұмыста қиындықтар туындауы ықтимал. Дегенмен еңсені түсіндірудің еш орайы жоқ. Керісінше батылдық танытып, өзіңізді оң қырынан көрсете біліңіз.
БАЛЫҚ
Өз күшіңізді асыра бағалап, басшылықпен келіспей қалу ғажап емес. Ал қаржы саласында жүргендерге қырағы болу керек. Сізге көмек қолын созған адамнан бас тартпаған жөн.
26 сәуір 2018 ж. 1 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031