» » САДАҚА БЕРУШІНІҢ ЛӘЗЗАТЫ

САДАҚА БЕРУШІНІҢ ЛӘЗЗАТЫ

ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ
 Ләйс ибн Сағд бал сатумен айналысқан екен. Бір күні оның кемесі жағаға келіп тоқтайды. Кемеде үлкен бөшкелерге құйылған бал болатын. Осы мезгілде кішкентай ыдысын ұстаған күйде бір қарт әжей Ләйс ибн Сағдқа келіп, оған бал құйып беруін өтінді. Алайда, Ләйс ибн Сағд бал беруден бас тартады.
Әлгі әжей өз жөніне кетісімен Ләйс ибн Сағд көмекшісіне оның мекен-жайын анықтап, бір бөшке балды үйіне апарып беруді тапсырады. Оның бұл ісіне таңырқаған көмекшісі:
– Ол кейуана сізден кішкентай ыдысына шамалы мөлшерде бал құйып беруін сұрағанда оның бетін қайтарып, енді қазір балды бөшкесімен үйіне апарып бер дейсіз! Бұныңыз қалай?
Көмекшісінің сауалына Ләйс ибн Сағд:
– Әлгі әжей шамасына қарай сұраған болатын, ал мен оған өз шамама қарай бергелі жатырмын. Әрбір садақа жасаушы адам өзінің берген садақасы пақырдың қолына тимей тұрып, Алланың құзырына жететініне сенімі кәміл болған жағдайда, садақаны алушыға қарағанда оны беруші әлдеқайда ләззатын көбірек сезінетін еді, – деп жауап қатқан екен.
Нұрлан Рамазанов
26 сәуір 2018 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031