ТАНЫМАЛ ФУТБОЛШЫ СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ

«Ол енді сөйлей алмайды, тек Валенсиядағы үйінің балконынан сыртқа қарап қана отырады. Тек көздерін жыпылықтата алады. Ауру оның сөйлеу мүмкіндігіне залал келтірген. Аяғы мен қол күшін жоғалтқан. Осылай қашанға дейін отыратыны белгісіз» депті ол.
Футболшының орталық жүйке жүйесінің сыр беріп, нәтижесінде емделмейтін амиотрофикалық склероз ауруына шалдыққаны 2013 жылы қазан айында белгілі болды. Спортшының бұлшық еттері семіп, мүгедектікке ұшырайды.
Риксен 2006-2009 жылдар аралығында «Зениттің» намысын қорғап, Ресей чемпионы, УЕФА суперкубогының иегері деген атаққа ие болды. Сонымен қатар, алты жыл бойы «Глазго Рейнджерс» сапында ойнап, екі дүркін Шотландия чемпионы болған.