» » БІР СЕНІҢ БЕЙНЕҢ

БІР СЕНІҢ БЕЙНЕҢ

   Сол күні жауын тоқтамай жауды. Дәулет екеуміз аялдамада тұрғанбыз. Уақыт кеш болды. Үйден анам қайта-қайта қоңырау шалуда. Қазір келемін деген едім. Ал автобустың көрінер түрі жоқ. Маған таңертең анам қолшатыр ұстатып жіберген еді. Ана жүрегі не дегенмен сезгіш келеді емес пе? Бірақ ойым ол емес. Үйге тезірек қайтудың амалы. Әйтсе де бірнеше минуттан кейін автобустың жарығы көрінді. Иә...автобустың. Алыстан келеді өзі. Қозғалтқышының дауысы жер мен көкті алып зәре құтымды қашырды. Осы қалаға жаңадан автобус қашан алады екен деп қоямын ішімнен. Әне-міне дегенде келіп жетті. Алдыңғы есігі жұмыс істемейді екен. Жүргізуші артқы есігін ашты. Дәулет екеуміз дереу мініп алдық. Мінгеніміз сол еді, артынша жаңбырда тоқтады.
  – Сайтан алғыр! Бұл немене өзі?
– Ееее, досым, табиғат тылсым дүние деген осы, – деді Дәулет.
   Үйге дейін әлі біраз бар екен. Ұялы телефонымды ақтардым. Дәулет күні бойына менен жалыққан болар. Таңертеңгі сабақтан бері миын жеудемін. Сабақтан кейін кино көрейік деген мен едім. Менің кесірімнен үйіне ол да кешікті. Бір кезде автобус жүргізушісі тағыда бір аялдамаға тоқтады.
– Әй, балалар, алдыңғы есікті ашып жіберіңдерші, – дейді жүргізуші.
– Мен немене кондутормын ба? Жарайды ашайын, – дедім мен.
Автобусқа бір қыз мінді. Үсті біраз ылғал. Шашын жуып шыққан адамдай көрінеді. Дәулет екеуміз бір-бірімізге қарап, мысқылдап қоямыз. Мен өзі бір орында тыпыршып отырмайтын адам едім. Әлгі қыздың қасына барып:
– Қарындас, жол ақысын төлеңіз, мен автобус кондукторы боламын, – деп қоямын.
  Ана жақта Дәулеттің ішек сілесі қатып күлуде. Кенет автобус жылдам тоқтады. Мен бейшара терезеге жабыса кеттім. Бетім ауырып, бір орынға барып отырдым. Дәулет күлкісін тияр емес. Жарайды, үндемей отырайын. Әлгі қыз өзі робот секілді. Тіп-тіке отырды да қойды. Сөмкесіне көз тастасам, дәл қасында планшеті жатыр екен. Мүмкін автобус дереу тежегіш басқанда сырғып кеткен болар. Білдірмей ғана алып қойдым. Оны көрген Дәулет сыбырлап бірдеңе деді. Оны пысқырып отырғаным шамалы. Бірақ расында ойымда болмады. Әлгі қыз келесі аялдамадан түсіп қалды. Мен дереу Дәулетке мен үшін жол ақысын сен төлейсің дегендей автобустан сырғып түстім. Қолымда қолшатыр мен планшет. Ал әлгі бикеш оншақты адымдай жерде кетіп барады. Көше өзі тыныш әрі дала тынық еді. Әлгі Дәулеттің айтқан тылсым табиғаты қайта жаңбырды жаудырды. Бірақ бұл жолы ондай қатты құйып салмады. Еркекпін ғой, дереу қасына барып, қолшатырымды ашып, ізеттілігімді көрсетіп қоямын. Ол маған қарады да, күлді.
– Мен саған жол ақысын төлемеп пе едім?, – дейді жымиып.
– Біраз күте тұр, қазір сен менің бұл жерде жүргеніме қуанасың, – дедім.
– Айтпақшы, менің есімім –  Дамир.
–  Өте қуаныштымын, Айым, – деп кірпігін төмен түсірді.
   Иә, алақай! Дереу бұғатталып тұрған планшетті алып кілт сөздің орнына Айым деп жаздым. Дәл менің ойлағандай, ашыла қалды.
– Керемет, сенікі ме? Менде де осындай, тура осындай.
– Қане? Көрсете ғой, –  дедім қарқылдап күліп.
   Ол сөмкесін ақтарды да менің қолымдағы планшетке қарап күле жөнелді. Тоқтамастан ұзақ күлген болармыз.
– Тұра тұр, міне, қолшатырды ұстай тұршы. Сенің планшетің су болып қалды, дұрыстап сүртіп берейін.
– Ал Дамир, біз келіп жеттік. Нақтырақ айтсам мен келдім.
– Қазір-қазір Айым сүртіп алайын. Мінеки ала ғой, – дедім.
– Құйған жаңбырдың астына түсіп жүгіре жөнелдім. Қолшатыр Айымда қалды. Ал ертең менің ойыша ол  нөміріме қоңырау шалады. Дұрысы, мен оның планшетіне өз нөмірімді сақтап кеттім. Ертеңгі күн қалай болар екен? Өте қызық...
Дамир АМАНГЕЛДІҰЛЫ
16 мамыр 2018 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031